Құрылтай

Сәрсенбі, 15 шiлде, 15:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандықтардың 9,3 миллиард теңге айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді

15.07.2026

44 0

Фото: Pexels

Елімізде 19 мың шағын және микробизнес субъектісінің 9,3 миллиард теңге айыппұлы мен өсімпұлы кешірілдім, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, бұл шара кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Таза парақ» бастамасы аясында іске асқан.

Сондай-ақ жыл басынан бері бұрын тіркеу есебінде тұрмаған 546 мыңға жуық жеке тұлға заңдастырылды.

— Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,9 миллионға жетті, — деді вице-министр.

Сонымен қатар ҚҚС төлеушілер саны 22,3 мыңға көбейіп, 158,2 мың болған.

— Бұл салық реформасының экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етіп отырғанын көрсетеді, — деді Ержан Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов республикалық бюджет кірісі 24,6% өскенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: