Бейсенбі, 09 мамыр, 09:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Қазақтарды қорғаудың қажеті жоқ, Жаңаөзендегідей бірін-бірі өлтірсін»: әйел қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтты

15.08.2023

571 0

Желіде Астана тұрғынының қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтып, тәртіпсіздікке шақырған видеосы тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеоны egov.press Telegram-арнасы жариялады. Онда әйелдің Астанада тұратыны және бұл оның ұлтаралық араздықты қоздырып, қазақтар туралы әдепсіз сөздер айтқан жалғыз жазбасы емес екені жазылған.

«Бұл қазақтарды барып қорғаудың қажеті жоқ еді. Жаңаөзендегідей бірін-бірі өлтірсін. Сондықтан мен тонау басталғанын қалаймын. Сол кезде кімнен көмек сұрап, кімге қарай жүгіретініңді көрер едік. Алматыны жер бетінен жойып жіберу керек» – дейді видеодағы әйел.

Астана полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» – делінген хабарламада.  https://t.me/egovpress/4973?embed=1

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: