Сәрсенбі, 13 қараша, 13:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Қазпоштада» ақша жымқыру және пара алу фактілері анықталды

29.11.2023

919 0

Фото: stan.kz

«Қазпоштада» ақша жымқыру, алаяқтық, ұрлық және пара алу фактілері анықталды. Компанияға келтірілген шығын көлемі – 273 миллион теңгеден астам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазіргі таңда «Қазпошта» компаниядағы ұрлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастыруда.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушылықтардың құрамына жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері кіреді», – делінген хабарламада.

Қаржылық қылмыс фактілері бойынша 7 облыстық филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді. «Қазпошта» АҚ ішкі аудитінің материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапкершілікке тарту үшін экономикалық тергеу бөліміне берілді.

«Қазпочта» АҚ қылмыспен орталықта да, жергілікті жерлерде де белсенді түрде күресіп, құқық қорғау органдарына көмек көрсететін болады», – делінген компания хабарламасында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: