Жұма, 29 наурыз, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық қабылдау: Балалар әдебиеті де назарда

17.09.2021

497 0

Әр буынның ойлау жүйесі алабөтен. Әсіресе, әр ұрпақта балалық шақ түрлі кейіпте өтті. Ал бүгінгі балалардың саналы да зейінді болып өсуі үшін әдебиет пен білім көкжиегінің заман талабына сай болуы керек. Автордың жазған шығармасы жас ұрпақтың талғамына сәйкес келмесе, баланың қажетті білім мен рухани азықты өзге елден алары анық. Оның үстіне ең өткір мәселенің біріне айналған қазақ тілінің мәртебесін көтеру ісі де тұралайтын болады. Сондықтан ең алдымен балаларға арналған қазақша кітаптардың санын көбейту, балалар әдебиетін жетілдіру, авторларды қолдау  – кезек күттірмейтін қадам.

Облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаевтың қоғамдық қабылдауында болған сәтте аталған мәселенің маңызын тарқатып, аймақтағы дамуы бағытын назарға алуды сұрадым. Депутат та әдеби үрдіс пен шығармашылық талпыныс бүгінгі қоғам сұранысын қанағаттандыру қажетін айтып, биыл «Балалар әдебиеті» жылында атқарылар ігі істерді тілге тиек етті. Әлеуметтік-саяси мәселелерідің шешілуіне септігін тигізіп жүрген қоғам жанашыры балалар әдебиетін дамыту ісіне қолдау білдірітенін жеткізіп, әркез жәрдемдесуге әзір екенін білдірді.

Шәмшия ЖҰБАТОВА,

қала тұрғыны

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: