Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қостанай облысында Сібір жарасы таралуда

08.09.2022

1154 0

Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінде ірі қара малда Сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленеді, деп хабарлайды ElDala.kz порталы.

Костряков ауылдық округі әкімі шешімімен Запасное ауылының аумағында карантин белгіленеді.

Айта кетейік, бір жыл бұрын шілде айында күйдіргі жарасы Қостанай облысы Денисов ауданының аумағында Приречное ауылында анықталған болатын. Қараша айында ауру Денисов ауданындағы Жалтыркөл ауылындағы шаруашылықтардың бірінде тіркелді.

Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында өңірде Сібір жарасы бойынша 156 стационарлық аймақ есепке алынған. Бұл жерлерде Сібір жарасы бар ауру мал көмілген. Облыста осындай 308 жерлеу орны бар.

Негізінде Сібір жарасымен жануарлар ауырады, бірақ адамға жұғуы мүмкін. Сібір жарасымен ауырған малдың етін жеуге болмайды. Тіпті етті ұзақ пісірсе де, микробтар жойылмайды. Сондықтан өлген жануарларды инсенератор пештерінде жағып жою қажет.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда Сібір жарасын үш адам жұқтырып алғаны  жайлы айтылған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: