Дүйсенбі, 15 маусым, 11:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Донорлар акциясы ұйымдастырылды

14.06.2026

53 0

«14 маусым — Дүниежүзілік донорлар күніне» орай, облыстық қан орталығында «Қан тапсыр, плазма тапсыр, адамдарға өмір сыйла және мұны жиі жаса» ұранымен акция ұйымдастырылды.

Акцияда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы мен облыстық қан орталығының директоры Жалғасбек Тұрлыбекұлы донорларды мерекемен құттықтап, «Алғыс» хаттармен марапаттады.

Бұл күн – адам өмірін сақтап қалуға үлес қосып жүрген жомарт жүректі жандарға деген ерекше құрметтің күні. Донорлық – бұл жай ғана қан тапсыру емес, бұл – өзгенің тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстаным, адам өміріне деген қамқорлық пен жауапкершіліктің жоғары көрінісі. Қан қызметін дамыту бағытында өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның жарқын дәлелі – 2024 жылы Қызылорда облыстық қан орталығының жаңа заманауи ғимаратқа көшуі болды. Бүгінде орталық халықаралық талаптарға сай жабдықталған, донорлар мен қызметкерлер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Жаңа орталықтың қуаттылығы жылына 10 мыңға дейін донация қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл өңір тұрғындарын қауіпсіз және сапалы қан компоненттерімен қамтамасыз етуге, қан қызметінің тиімділігін арттыруға үлкен серпін беріп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: