Сенбі, 13 маусым, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

13.06.2026

38 0

Қазіргі қоғамда жұмыспен қамту мәселесі экономикалық дамудың ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың да маңызды көрсеткіші болып саналады. Жұмыссыздық деңгейінің артуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етіп, кедейлік, әлеуметтік теңсіздік және көші-қон сияқты өзекті мәселелерді күшейтеді. Сондықтан мемлекет үшін тиімді жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру – басты міндеттердің бірі.

Соңғы жылдары қала эконо­микасында орасан зор өзгерістер орын алуда. Атап айтқанда, еңбек нарығындағы жұмыссыздық дең­гейінің тө­мендеуі және жұмыспен қам­тылған халықтың тұрақты өсуі байқалады.

Бұл адамдардың  жұмыс та­буы­на  жақсы мүмкіндік. Қалада өт­кі­­зілген жұмыс жәрмеңкесі осын­дай мақсатты көздейді. Қала әкімдігімен «Мансап орта­лы­ғы» бірлесіп, орталық филиа­лында ұйымдастырған жәр­­­меңкеге жұмыс берушілер де, іздеушілер де қызығушылық танытты.  Оған жұмыс іздеп жүр­гендер және жоғары оқу орындары мен колледж түлектері қатысты.

Жәрмеңкеде қаладағы 9 мекеме 172-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Әрине, әркімнің таңдауы бар. Қатысушыларға еңбек нарығындағы мүмкін­дік­тер, мемлекеттік бағдар­ламалар аясындағы қолдау шара­лары мен кәсіпкерлік баста­маларды дамыту жолдары түсіндірілді.  Қоры­тын­дысында 35 адам тұрақты жұмыс тапты. Ал 14 жас маман жастар тәжірибесі арқылы жолдама алды.

Сонымен қатар субсидия­ланатын жұмыс орындары бағдар­ламалары бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық жұмыстарға 2026 жылы 950 адамды тарту жоспарланса, жыл басынан бері 285 мекемемен келісімшарт жасалып, 1219 адам жолданды. Олардың 212-сі – мүгедектігі бар азаматтар. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 4 мекемемен келісім жасалып, 8 адам жұмысқа жіберілді.

Ұлттық статистика бюро­сының мәліметіне жүгінсек, респуб­ликада жұмыс таба алмай жүргендердің саны былтырғы бірінші тоқсандағы 451 515 адамнан биылғы бірінші тоқсан қорытындысында 446 049 адамға дейін азайған. Бұл еңбек нарығындағы оң үрдістердің қа­лып­тасып келе жатқанын көр­сетеді.

Зерттеулерге сүйенсек, бү­гінде Қазақстан эконо­мика­сының түрлі саласында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 7,3 миллионы жалдамалы жұмыспен айналысса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қам­тыған.

Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі сауда, білім беру, өнеркәсіп және ауыл шаруа­шылығы салаларында еңбек етеді. Жұмыспен қамту бағытындағы мұндай шаралар азаматтардың тұрақты табыс табуына, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың үйлесуіне және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: