Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шықты.
Байқаудың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қолдау болды. Қатысушылар рэп жанрындағы авторлық және орындаушылық жұмыстарын ұсынып, нашақорлықтың алдын алу, денсаулықтың маңыздылығы, өмірлік дұрыс таңдау жасау және қоғам алдындағы жауапкершілік тақырыптарын кеңінен қамтыды.
Байқауға облыстың мектеп оқушылары, жазғы тынығу және мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылар заманауи музыкалық бағыт арқылы есірткі тұтыну мәселесіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, құрдастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Байқау комиссиясының шешімімен І орынға Қазалы ауданындағы №234 орта мектеп жанындағы «Балдаурен» лагерінің тәрбиеленушісі Ернұр Оралбай, №266 мектеп-лицей жанындағы «Шаттық» лагерінің тәрбиеленушісі Мадияр Оралбай және №103 орта мектептің оқушысы Алина Бұғыбай лайық деп танылды. ІІ орынды Қазалы ауданындағы №94 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің тәрбиеленушісі Айару Нұрлыбекқызы, №226 мектеп-гимназия жанындағы «Айналайын» лагерінің тәрбиеленушісі Аңсар Аяған, Қармақшы ауданындағы №272 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің тәрбиеленушісі Нұрасыл Булатов, Қазалы ауданындағы №170 мектеп-гимназия жанындағы «Болашақ» лагерінің тәрбиеленушісі Мирас Мейрамбекұлы және №102 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің тәрбиеленушісі Мейрамбек Алданазар иеленді. ІІІ орын Қазалы аудандық Оқушылар үйі жанындағы «Жасұлан» лагерінің тәрбиеленушісі Әділсұлтан Болатбайға, Қазалы ауданындағы №182 орта мектептің оқушысы Расул Ұлықпанға, Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы» балалар сауықтыру және дамыту орталығының тәрбиеленушісі Сарбиназ Пернебекке, сондай-ақ Жалағаш ауданындағы №122 орта мектептің оқушылары Айзере Шарапат пен Аңсаған Сағатбекке берілді.
Осындай іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға және жасөспірімдерді қоғамдық маңызы бар шығармашылық қызметке тартуға ықпал етеді. Байқау жастардың есірткіге қарсы ұстанымын заманауи музыкалық шығармашылық арқылы жеткізуіне мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!