Сейсенбі, 21 сәуiр, 13:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Құрылыс нысандарын аралады

19.04.2026

176 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Аймақ басшысының бастамасымен Президент саябағында жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы, яғни қысқы бақ құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысандар биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Құрылыс нысандарын аралады

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов құрылыс алаңына барып, жұмыстың барысын көрді. Мердігер мекеменің мамандарымен кездесіп, құрылысшыларға ауқымды жобаның жауапкершілігін назарға салды.

Құрылыс нысандарын аралады

«Лагерьдің құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін қатаң талап қойылады. Өйткені бұл лагерь еліміздегі баламасы жоқ балалардың демалыс орны болады. Ботаникалық бақ та сондай сұраныстағы нысанның бірі. Сондықтан ел асыға күткен жобаларды межеленген мерзімде аяқтау керек», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Айта кету керек, нысандар құрылысын «Alem Qurylys AQ» ЖШС-гі жүргізуде.

Құрылыс нысандарын аралады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: