Сенбі, 04 мамыр, 00:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қытайлық компания Қазақстанда вольфрам өндіреді

22.08.2023

485 0

Қытайлық компания Алматы облысының аумағында вольфрам өндіреді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Өңір әкімдігі мәліметінше, тиісті меморандумға Алматы облысының әкімдігі мен қытайлық «Jiangxi Copper Corporation» компаниясының өкілдері қол қойған.

Компания Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округінде «Богуты» вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобаны іске асыру барысында 350-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылатыны айтылды.

Ал облыс экономикасына салынған инвестиция сомасы 135 миллиард теңге болған. Жоба 2024 жылы іске асырылады. Өндіріс қуаттылығы жылына 3300 тоннадан асады.

Қазір компания осы жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында бірқатар келісімге, соның ішінде ҚР және ҚХР Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойылған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: