Жұма, 17 мамыр, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

«Қыздар өздерін тоқалдыққа ұсынды»: Жәнел Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуіне түрлі ұсыныстар түскенін айтты

24.07.2023

795 0

Белгілі актриса Жәнел Мақажан күйеуіне жазып, өздерін тоқалдыққа ұсынып жатқан қыз-келіншектердің барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Менің күйеуіме қыздар жазып, өздерін тоқалдыққа ұсынып жатыр. Бірақ оның бәйбішесі де, тоқалы да менмін. Өмірінің соңына дейін маза бермесем де, тіпті толықсып кетсем де ол мені жақсы көреді”, – деп жазды актриса.

Отбасылы еркектерге жазатын қыз-келіншектердің барын білген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады.

“Қазіргі қыздарда ұят жоқ. Үйленген еркектерде несі бар?”, “Басқа еркектер құрып қалды ма?”, “Құдай сақтасын. Қыздарда ұят та, намыс та жоқ. Сұмдық, өздерін қалай тоқалдыққа ұсынады? Айтарға сөз жоқ”, – деп таңғалысты желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп сәби күтіп жүргендерін жария еткен болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: