Сәрсенбі, 08 мамыр, 07:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облыстық филармониясы шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

25.11.2023

573 0

Қызылорда облыстық филармониясы шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қызылорда облыстық филармониясы мемлекеттік «Витебск» мәдениет орталығы және Витебск облыстық филармониясымен шығармашылық ынтымақтастық келісімге келді. Бұл құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, музыкалық алаңды ұсыну бойынша қолдау көрсетуге ниетті.

Осы жылдың 21 қарашасында Қызылорда облысының үш шығармашылық ұйымының мамандары біліктіліктерін арттыру мақсатында Беларусь Республикасы Витебск қаласына іссапармен барған болатын. Бүгінде мемлекеттік «Витебск» мәдениет орталығы қызылордалық делегацияға шеберлік дәріс алаңдарын ұсынуда. Делегация құрамында мәдениет ұйымдарының шығармашылық және техникалық мамандары бар.

Сапар аясында әріптестеріміз XXXIV Халықаралық «IFMC» заманауи хореография фестивалінің ашылу салтанатына қатысып, белоруссиялық мамандармен кездесті. Сонымен қатар, Якуб Колос атындағы Ұлттық академиялық драма театрында және Витебск облыстық филармониясының техникалық қызметтерімен танысты.

Одан бөлек, «Талака» би, музыка және ән ансамблінің дайындығына қатысып, әріптестермен тәжірибе алмасып, одан әрі ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс жасауда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: