Жұма, 19 сәуiр, 05:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облыстық славяне орталығына 25 жыл

01.11.2022

624 0

Достық үйінің концерт залында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Славяне қоғамдық-мәдени орталығының 25 жылдығы аталып өтті.

Мерекелік шараға қатысушылар фойеде шойын және күнбағыспен қоршалған аула түрінде өрілген орыс шеберлерінің дайындаған қолөнер бұйымдарымен танысты. Мерекелік шара шымылдығы бірлестіктің дайындаған 25 жылдан бері атқарылған ауқымды шаралары көрініс тапқан бейнероликпен ашылды.

Шараның алғы сөзі  басқарма басшысының орынбасары Алмасбек Есмахановқа берілді.

-1997 жылдың 16 шілдесінде жұмысын бастаған Славяне орталығы облысымыздағы ең ірі этномәдени бірлестіктердің бірі. Орталық құрылған күннен бастап оның жетекшісі Нелли Литвинова болды. 1998 жылдан бері бірлестікті Галина Щербакова басқарып, жұмысын жүйелеп, негізін қалады. Бүгінгі күні Сыр өңірінде 16 мыңға жуық славян этносы бар . Енді міне олар бірлестіктің 25 жылдық мерекелік мерейін үстем етуге бел буып отыр. Олардың белсенділері үнемі бас қосып, мәдени салт-дәстүрді жаңғыртуға атсалысып, бабадан қалған бай мұраларын сақтап қалуға барын салып келеді, – деп атап өтті.

Мұнан соң ел дамуы жолында еңбек еткен бірлестіктің белсенді мүшелеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың және басқарма басшысы Мира Қазбекованың  Алғыс хаты  табысталды. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Бас Консулының және Алматы қаласындағы орыс үйінен келген  Алғыс хатты бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова табыстады.

Қазақстанның басқа өңірлерінен бірлестікті айтулы мерейтоймен бейнероликтер мен жеделхаттар арқылы құттықтап,  ізгі лебіздерін білдірді. Олар бірлестіктің жарқын істері мен табысты жобалары туралы жылы естеліктер айтып, алдағы жұмыстарына тек сәттілік тіледі.

Мерейтойға арнайы келген Тараздан «Сударушки» және Шымкент қаласынан «Светоч» топтары көрермендерге әсем әндерін тарту етті. Шарада Славян халқының ұлттық биі мен әндері орындалып, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін көріністер қойылды.

Кеш соңында Славяне қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Галина Щербакова сөз сөйлеп, осы жылдар аралығында бірлесіп жұмыс істеген, өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында елеулі еңбек еткен жандарға шынайы алғысын жеткізді.   

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: