Жұма, 03 мамыр, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласындағы орталық алаң абаттандырылады

18.07.2023

549 0

Облыс орталығында демалыс орындары көбеюде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай игілікті істердің бірі – орталық алаңда бастау алды. Яғни, «Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесін Желтоқсан көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейін, Ы. Жахаев көшесін Әйтеке би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін абаттандыру» жобасына орай, мердігер мекеме «Техоснастка-ремсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісті.

Жоба бойынша субұрқақтары аумағына брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылады. Жарықдиодты шамдар қойылып, газондар, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер орналастырылады. Ы.Жахаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: