Бейсенбі, 02 мамыр, 05:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының әкімдігі жөндеу жұмыстарына байланысты жолдарды жабу кестесін жариялады

19.07.2023

382 0

Жол жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

Қаламыздың Сұлтан Бейбарыс көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан  Тәуелсіздіктің 25 жыл даңғылы аралығындағы көше бойына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты
2023 жылдың 19 шілдесі мен 15 тамызы аралығында жол жабылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылатындығын хабарлаймыз.

         Жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде Сұлтан Бейбарыс көшесі 4 жолақтыдан 6 жолақтыға ауысып, көше бойы абаттандырылады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы, аллеялар мен субұрқақтар іске қосылады.

Осыған орай, Сіздерден орын алып отырған уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

         Аталған көшелер бойынша қоғамдық көліктер мен басқа жеке тұлғалардың көліктердің жол жүру қозғалысы төмендегі сызбаға сәйкес жүретін болады.

№2 бағыттағы қоғамдық көлік (Ж.Махамбетов, Наурыз жақтан шыққан бағыттан) С.Бибарыс көшесімен келіп, Тәуелсіздік даңғылына оңға бұрылып, Бименді Баймаханов көшесіне түсіп, Назарбаев даңғылына шығады.

         №12 бағыттағы қоғамдық көлік (Ж.Махамбетов, Наурыз жақтан шыққан бағыттан)  С.Бибарыс көшесімен келіп, Тәуелсіздік даңғылына оңға бұрылып, Бименді Баймаханов көшесіне солға бұрылу арқылы Назарбаев даңғылына түседі.

         №20 бағыттағы қоғамдық көлік (Арай-2 м/а шыққан бағытта) Тәуелісіздік даңғылымен тіке С.Бейбарыс көшесін қиып өтіп, Бименді Баймаханов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына шығады.

         №22 бағыттағы қоғамдық көлік Тасбөгет кентінен шыққан бағытта Астана м/а арқылы Бименді Баймаханов көшесімен Назарбаев даңғылына түседі.

№28 бағыттағы қоғамдық көлік (Ж.Махамбетов, Наурыз жақтан шыққан бағыттан) С.Бибарыс көшесімен келіп, Тәуелсіздік даңғылымен оңға бұрылады. Тура жүріп Б.Баймаханов көшесімен солға бұрылып, Назарбаев даңғылына түседі.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: