Бейсенбі, 18 сәуiр, 09:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Тұрақтандыру қорында 1067,3 тонна өнім бар

04.09.2021

620 0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz .

Бұл ретте облыста тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 1067,3 тонна өнім көлемі бар.

Бұдан бөлек, «айналым схемасы» бойынша кәсіпкерлерге заем беру тетіктері арқылы баға тұрақтандыру шаралары іске асырылуда. Қарыз алған кәсіпкерлік субъектілері аталған өнімдермен және тұрақтандыру қорының өнімдері Қызылорда қаласында орналасқан 34 әлеуметтік дүкен мен Қызылорда қаласының 5 ірі супермаркеттерінде («Мирас», «Аль-Асад» сауда үйінің 8 филиалы арқылы, «Ажар» сауда үйінің 2 филиалы арқылы, «Анвар», «Қызылорда Оптомаркет») келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда нарық бағасынан төмен бағада сатылуда.

Сонымен қатар, облыста әлеуметтік дүкендерді ұлғайту мақсатында 2021 жылы 10 әлеуметтік дүкеннің құрылысы жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 5 әлеуметтік дүкен іске қосылса, қалған 5 әлеуметтік дүкен жыл ішінде қосылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: