Сәрсенбі, 08 мамыр, 05:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада төрт үйде өрт болып, 8 сиыр өртеніп кетті

16.07.2023

563 0

Қызылорда қаласында болған өрт бірнеше жеке тұрғын үйдің ауласына таралды. Өрт салдарынан мал қорада тұрған сегіз сиыр өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, жұма, 14 шілде күні сағат 16:05 шамасында Қызылорда қаласындағы А.Пушкин көшесіндегі 70А тұрғын үй жанып жатыр деген хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖД-дан 1 техникамен 5 қызметкер шыққан. «Оқиға орнына барғанда А.Пушкин көшесі №70/1 тұрғын үй ауласында шамамен 21 шаршы метр болатын қаңылтырдан салынған сарай, А.Пушкин көшесі 70/2 тұрғын үйдің ауданы 70 шаршы метр болатын төбе жабыны, іші, ауласында орналасқан шамамен 180 шаршы метр болатын 2- қабатты мал қора, Т.Жүргенов көшесі 69/2 тұрғын үйдің ауласында 9 шаршы метр қаңылтырдан салынған сарай, А.Пушкин көшесі 70/3 тұрғын үйдің 4×3 шаршы метр болатын шатыр ағаштары жанып жатқаны анықталды. Жедел әрекет ету барысында өрт ошағынан 3 дана 50 литр және 1 дана 27 литр газ баллондары сыртқа шығарылды», – делінген ТЖД хабарламасында. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Мамандардың айтуынша өрт сағат 16-дан 49 минут өткенде оқшауланып, сағат 17-ден 46 минут өткенде сөндірілген. «Өрт салдарынан А.Пушкин көшесі №70/2 тұрғын үйдің ауласындағы мал қораның ішінде 8 сиыр, 3 тауық, 1 ит өртеніп кеткен. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, арнайы қызметкерлер де тиісті жұмыстарын жасау үшін жұмылдырылды», – дейді Өртті сөндіруге барлығы 10 техникасымен 45 қызметкер жұмылдырылған. Өрттің шығыны мен орын алу себебі анықталуда. ТЖД өкілдері тұрғындардан қазіргі кездегі өртке қауіпті маусымға орай барынша өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: