Жексенбі, 28 сәуiр, 16:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жаңа автовокзал салынады

03.09.2023

239 0

Биыл шілде айында Қызылорда қаласының сол жағалауынан құны 975 млн. теңгені құрайтын, заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды.

Автовокзал пайдалануға берілгеннен кейін 55 автобус маршруты яғни, 124 рейс ұйымдастырылады. Ташкент қаласына 1 халықаралық рейс, 46 ауданаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка), Ақтөбе және тағы басқа қалаларға 8 маршрут жолға шығады. Осылайша қызылордалық жолаушылар мен қала қонақтарының жайлы да қауіпсіз көліктермен сапарлауына, жолға жаңа автовокзалдан аттануына лайықты жағдай жасалмақ.

Нысан жыл соңында пайдалануға беріледі. Мұнда жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, ал қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: