Бейсенбі, 25 сәуiр, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жасөспірім қызға іздеу жарияланды

22.04.2022

358 0

Қызылордада үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 14 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды.

Қызылорда қаласында тұратын 14 жастағы жасөспірім Бернияз Аруназ Қайратқызы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. Жасөспірім қыздың жоғалғандығы туралы ақпарат 21 сәуірде тіркелді. Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады.

Ерекше белгілері: бойы – 1,60-1,65 метр, орта денелі, шашы қоңыр түсті, ұзынша. Үстіне қызғылт-қоңыр күртеше, қара түсті шалбар, ақ түсті спорттық кроссовка киген.

«Кәмелет жасына толмаған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», – деп мәлімдеді Қызылорда қалалық полиция басқармасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: