Бейсенбі, 28 наурыз, 17:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық әскерилер қала тазалығына үлес қосты

26.03.2021

1997 0

Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімінің жеке құрамы қаланың сәні мен тазалығына өз үлестерін қосып жүрген тазалық саласының жұмысшаларына қайырымдылық істерін көрсетті.

Әскери қызметшілер таң атысымен қаладағы тазалыққа жауапты қызметшілердің еңбегін бағалап, қолдарынан келгенше көмектерін аямай және басқа тұрғындарға үлгі болатындай игі іс көрсетті. Дайындап келген тәттілері мен ыстық шайларын ұсынып, бірлесіп жұмыс жасауға атсалысты.

«Осындай қарапайым іс жасап, бір бірімізге көмек көрсетіп, ықыласқа бөленгенге не жетсін… Қайырымды іс жасап, көпшіліктің ризашылығы мен батасын алуға әрбір Қазақ халқының тұрғындарының күші жетеді деген ойдамын», – дейді әскери бөлімнің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырушысы, азаматтық персонал Алтын Ізмағамбетова.

Игі шара соңында Қызылорда қаласындағы тазалық қызметшілері көмек қолын созған әскерилерге өз алғысын білдіріп, елді қорғау саласындағы ісіне сәттілік тіледі.

Жыл сайын әскери қызметшілер ізгіліктің анық көрінісі болып қайрымдылық шараларын ұйымдастырады. Әскери бөлім қызметшілерінің тарапынан болатын көмек тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: