Сәрсенбі, 20 мамыр, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Шиелі кентінде «Базар» арығын жаңғырту жұмыстары басталды

20.05.2026

48 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шиелі кентіндегі тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ететін «Базар» арығына темір-бетонды науа орнату жұмыстары басталды. Жоба су жүйесінің тиімділігін арттырып, су ысырабының алдын алуға бағытталған.

Бүгінде Шиелі кентінде 36 мыңнан астам тұрғын тұрады. Елді мекенге «Сырдария» өзенінен 22 бекет арқылы келетін «Базар» арығы тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Аталған арыққа темір-бетонды науа орнату жобасы бойынша 2023 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынған.

«Базар» арығының жалпы ұзындығы 8 400 метрді құрайды. Оның 2 886 метріне 2016 жылы темір-бетонды науа салынса, қалған 5 514 метр бөлігіне лоток орнату қажеттілігі туындаған.

Жоба толық жүзеге асқан жағдайда су өткізу жүйесінің тиімділігі артып, тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз ету сапасы жақсара түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: