Сәрсенбі, 08 мамыр, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Шымкентте той иесі шоу үшін тірі арыстан әкелген

02.03.2024

689 0

Сүндет тойға балаларын шоу бағдарламамен шығарған ата-ана көпшілікті өзіне қаратты, деп хабарлайды kyn.kz.

Шымкенттегі тойлардың бірінде 200-ден асатын қонақ отырған тойханаға бүркіт, қасқырды қойып арсытанды ортаға алып шыққан шоу программаны көргендер шошып кеткен. Түз жануары  сұсты көзімен  ақтүтек бу мен жаңғырған музыкаға аса сақтықпен тұрғандай. Тіпті тойдың видеосын көргендердің өзі жабайы жануар «адамдарға шабуыл жасап жібереді ме?» деп шошып қараған. Одан қалды сүндеттелген балалар арыстанның қасында тұрған.

Той Шымкент өңіріне танымал шоуменнің шаңырағында болған сыңайлы. Өйткені желідегілер той иесінің өңірге танымал екенін, ақшалы әрі көптеген танымал әншілермен бірге жұмыс істейтінін айтқан. Расымен тойда рейтингі жоғары,  гонорары қымбат, танымал әншілер төбе көрсеткен.

Әдетте сүндет тойларда батырлар, тазы ит, қыран құс пен актерлер қуаныш себепшісін ортаға алып шығатын. Оған көпшіліктің көзі үйренген. Бұл жолы ортаға аң патшасы арыстанды алып шыққандар елді расымен де өздеріне қаратқан. Оған қатысты желі қолданушылары түрлі пікір таратқан.

«Қазаққа мақтануды берсең бәрін жасайды», «Жақында тойға адамды қойып, жануарларды ән айтқызып шығаратын шығар», «Мынау барып тұрған сауатсыз, мақтаншақтың ісі», «Қолдарыңнан келсе бұдан асырып той жасаңдар. Өздеріңде ақша жоқ, ақшасы барды көре алмайсыңдар» деген сынды пікірлер көптеп жазылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: