Сейсенбі, 16 сәуiр, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сотқа дейінгі хаттама – дауды сотқа дейін шешудің тиімді жолы

12.08.2022

924 0

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуді реформалау жолындағы кезекті маңызды қадам, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 20 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінен азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда айқындалған татуластыру рәсімі мен сотқа дейінгі хаттама бойынша судьяның процессуалдық әрекеттерін енгізу болды. Заң 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

Жоғарыда аталған заңның негізгі мақсаты – азаматтардың сот шығындарын азайту, сондай-ақ дауларды соттан тыс реттеуге халықтың қызығушылығын арттыру болды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен регламенттелген жаңа институт – сотқа дейінгі хаттама, мынадай сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін көздейді: бітімгершілік келісім, медиация және партисипативтік рәсім.

Сотқа дейінгі хаттама тараптарға сотта табысқа жету мүмкіндігін болжауға және дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу мүмкіндігін пайдалануға, сондай-ақ дәлелдемелерді өзара ашуға, бұл өз кезегінде оларға сот талқылауының перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, институттың тараптар арасындағы туындаған дау бойынша ынтымақтастықты сақтауға, уақыт пен күшті үнемдеуге, материалдық шығындардың болмауына және мемлекеттік бажды қайтару секілді артықшылықтарға  алып келері сөзсіз.

Сотқа дейінгі хаттамаға сәйкес татуластырушы судья татуластыру рәсімін жүргізуге бағытталған бірқатар іс-қимылдар жасайды. Мәселен, талап қоюды қабылдауға негіздер болған кезде судья  сотқа дейінгі хаттаманы жасау жөніндегі құқықты түсіндіре отырып, тараптарға татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді. Сотқа дейінгі хаттама жасаумен татуласудың артықшылықтары мен салдарын түсіндіреді, тараптардың пікірін анықтайды. Сонымен бір мезгілде судья тараптарға татуластыру рәсіміне, оның ішінде сотқа дейінгі хаттама жасай отырып, медиаторды немесе өкілдерді шақыру құқығын түсіндіреді.

Бұдан бөлек, егер тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасамай 10 жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдері шеңберінде келісімді бекіту туралы өтініш жолдаса, судья азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда мұндай ұйғарым 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

Татуластыру рәсімінің биыл енгізілгеніне қарамастан, сотқа дейінгі хаттама жасау мүмкіндігімен Қызылорда қалалық сотында 2022 жылдың 6 айында татуластырушы судьямен 201 талап қою, ал сотқа дейінгі хаттаманы қолдана отырып 123 талап қою бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу рәсімдері күн сайын кеңінен қолданылуда. Бұл дегеніміз – сот жүйесінің одан әрі тиімділігіне және халықтың жалпы сот төрелігіне деген сенімінің артуына сөзсіз ықпал етері анық.

Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: