Жұма, 26 сәуiр, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

14.04.2021

3476 0

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманғы дамыған және дамушы мемлекеттердің төрінен орын алып келе жатырған кесел. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бұл жалпыға мәлім – ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылы мен экономикаға едәуір әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен және басқа да көптеген зиянды зардаптарымен сипатталады.
Қазіргі таңда дамыған мемлекеттердің де өзекті проблемаларының бірі – осы сыбайлас жемқорлықболып отыр. Қоғамға, егемен елімізге аса зор қауіп төндіретін мәселеге Елбасымыз болып, барша ел болып алаңдап отырғанымыз түсінікті жағдай.
Жалпы, Елбасы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған бастамалар мен жыл сайынғы Жолдауда сыбайлас жемқорлықты болдырмау амалын маңызды мәселелер қатарынан түсірген емес. Мәселен, 1997 жылы Елбасы «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әлқуатының артуы» атты халыққа арналған Жолдауда жеті негізгі стратегиялық принциптің бірі ретінде – сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күресті атап өтіп, «Бет жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет», – деген болатын.
Сонымен қатар, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда және Nur Otan партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрылуы.
Соңғы жылдары аталған кеңес және оның облыстардағы бөлімшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ауқымды шараларды атқарып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың «шеті көрінген шаруаға» аталған партия өкілдері араласа қалса, мәселенің күрмеуі шешіле келетінін айтпай кетуге болмас. Бұл Nur Otan партиясының сыбайластықты болдырмауға «құлшына» кіріскендігін байқатады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер қатарынан көріну мақсатында көптеген мәселелерді қолға алды. Бұл шаралар туралы жоғарыда тоқталған болатынбыз. Осылайша, Қазақстан Республикасы сыбайластықты болдырмауға бағытталған шараларды жалғастыра бермек.
Қорыта келгенде, өтіп жатқан әрбір іс-шаралардың нәтижелі болуына бүкіл халық болып қолдау көрсету әрбір тұрғынның азаматтық парызы деп есептейміз.

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі,

«Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-і

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: