Жұма, 11 қазан, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

13.10.2023

540 0

Ү.ж 12 қазан күні сағ.:17:00- де Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбы аясында бөлімге келген тұтынушылар арасында ашық диалогтық алаң өтті.
Іс – шараның мақсаты: қала тұрғындары, жастар арасында сыбайлас жемқорлық деген не туралы түсінік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерімен таныстыру, оған қарсы күрес бойынша Үкімет қандай шаралар қолданып жатқанын білу.

Шара барысында Облыстық қоғамдық даму басқармасының заңгері А.Аблаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментi, превенция басқармасыньң бас маманы Ж.Қозбағарова халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қалай көмектесе алады деген сұрақтарды қарастырды.
Негізгі міндет- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға негізделген нақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Диалогтық алаңда сыбайлас жемқорлық туралы “Парақорлық, Алаяқтық, Ысырап”, сыбайлас жемқорлықтың белгілері және сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері туралы ситуациялық міндеттер қаралды. Қойылған сұрақтарға жауап берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманы жетілдіру арқылы мемлекеттік деңгейде жүргізілуі керек деген қорытындыға келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: