Бейсенбі, 02 мамыр, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сырдария суына батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды

23.08.2023

409 0

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: