Бейсенбі, 25 сәуiр, 10:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Табыс. Жетістік. Құпия

08.02.2021

6545 0

Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Достық үйінің концерт залында TedX «Табыс. Жетістік. Құпия» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, облыс кәсіпкерлері мен волонтерлері, жастар, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.

Іс-шара басталар алдында Достық үйінің фойесінде кәсіпкерлік өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков шараның шымылдығын ашып, бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан кейін жиналғандар алдында «Раим» ЖШС құрылтайшысы, облыстық Кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ерлан Раимов кәсіпкерлікті қалай бастағанын, Сыр өңіріндегі алғашқы мейрамхана «Қыз Жібектің» ашылу тарихы жайлы сөз қозғады. Ал көп балалы ана, журналист, ақын, блогер Асылзат Арыстанбек өмірде кездескен қиыншылықтарға мойымай, тек алға ұмытылып, еңбекпен бәрін жеңе білу керек екендігін дәлелмен келтірді.  Облыстық мәслихат депутаты, «Абзал и К» ТС директоры, облыстық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев , дизайнер, «Aida couture» дизайн-студиясының директоры Аида Темір сөз сөйлеп, өздерінің табысты кейстерімен, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдауымен және жастарға арналған мүмкіндіктер, бизнесті ашу және дамыту тәжірибесімен бөлісті. Үздік кәсіпкер болудың қыр-сырын үйретті, жастарды ынталандырды.

Жиналған жастар кәсіпкерлік жайлы біршама мәліметтер алып, ойларын түйіндеді.

Облыстық Қазақстан халқы

Ассамблеясының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: