Қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ерекше маңызға ие. Сонымен қатар цифрлық технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық фактілері де көбейіп, азаматтардың қаржылық және ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық құндылықтарын насихаттау және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелерін түсіндіру мақсатында “Туған жер” қоғамдық қозғалысы” Қауымдастығы қалылық қоғамдық даму бөлімінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық-ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру” әлеуметтік жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға мемлекеттік орган өкілдері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйым жетекшілері, жастар және студенттер қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жастар арасында адалдық қағидаттарын дәріптеу.
Дөңгелек үстел барысында түрлі сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға маңызды ақпараттар ұсынды. Іс-шараны «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы төрайымы К. Еримбетова ашып, қатысушыларға адал қоғам қалыптастырудың маңыздылығы туралы сөз етті. Модератор өз сөзінде қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарының сақталуы әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас мамандары Ж. Қозбағаров, Ж.Мұхамбетжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы түсіндірді. Спикерлер мемлекеттік қызмет саласындағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлықтың алдын алуда азаматтық белсенділіктің маңызын атап өтті.
Шара барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға қоғамдағы адалдық қағидаттарының маңызы түсіндірілді.
Келесі кезекте Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция жедел уәкілі, полиция капитаны Ә. Нәбиева интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау жолдары туралы кеңінен баяндама жасады. Спикер соңғы уақытта жиілеген жалған банк қызметкерлері, онлайн несие рәсімдеу, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жөнінде нақты мысалдар келтіріп, сақтық шараларын түсіндірді.
Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша бейнеролик ұсынылып, тұрғындардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалады.
Дөңгелек үстелде Облыстық дін істері басқармасы Дін зерттеу орталығының өкілі Ж. Дәрібаев «Адалдық құндылықтарын насихаттау – ортақ міндет» тақырыбында баяндама жасап, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығына тоқталады. Ол жастар арасында парасаттылық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру – жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі екенін атап өтеді.
Сондай-ақ «Ақ босаға» қоғамдық ұйымының төрайымы, қоғам белсендісі З. Тәжиева «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында сөз сөйлеп, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі қоғамдағы құқық бұзушылықтардың азаюына ықпал ететінін жеткізеді. Спикер жастарды заң талаптарын сақтауға, ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салады. Мұндай кездесулер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді.
Адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанатын қоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізе алады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес және интернет-алаяқтықтың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
К. Еримбетова
«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!