Адамның өмірлік жолы оның ой-парасаты мен қабылдаған шешімдеріне тікелей тәуелді. Қазіргі өзгермелі қоғамда өз ұстанымыңнан таймай, дұрыс бағытты таңдау – жарқын болашақтың кепілі. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі “Заң мен тәртіп” идеологиясын іске асыру аясында Қызылорда облыстық прокуратурасымен бірлесіп ізгілікке бастайтын іс-шаралар өткізіп келеді. Бүгін Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейіне барып, оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізгені сөзімізге тұздық.
Текетірестен туындаған оқыс оқиғалар орға жығатыны рас. Сондықтан, жастардың теріс жолға түспей, қылмыс жасамағаны игі. Бұл туралы мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов толық тарқатып, мәні бар мысалдарды жіпке тізді.
Тағылымды кездесуде өмірге азық боларлық кеңестер айтылды. Мәселен, АКАӘПТЖББ-ның бөлім бастығы әділет майоры Тулепбергенов Бақдәулет жасөспірім шақ – арман мен бағыт айқындалатын кезең екенін меңзеп, әрбір шешімнің ертеңге әсер ететінін түсіндірді. Ой жарыстырып, оқу-білімге ұмтылғанның ұтатыны көп екенін қаперге салды.
Сонымен қатар, жаза басқан жандардың өкінішін жеткізген бейнеүндеуі оқушыларға ерекше әсер еткені анық.
Иә, келтірілген әр мысал, айтылған салмақты сөзден оқушылар өмірлік сабақ алғаны сөзсіз.
З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
