Сейсенбі, 21 мамыр, 14:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Тоғыз айда қанша айыппұл салынды?

24.10.2023

529 0

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Онда департаменттің 9 айында атқарған жұмыс барысы баяндалды. Жиынға департамент басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Садықов қатысты.

Департаментпен 2023 жылдың 9 айында қоршаған ортаны қорғау саласында 69 нысанға бақылау шаралары ұйымдастырылып, бармай профилактикалық бақылау нәтижелерімен анықталған 51 экологиялық заңнаманы бұзу деректері бойынша бақылау субъектілеріне ақпараттық хат  жолданды. Сондай-ақ жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелерімен 6 экологиялық заңнама талабын бұзу фактілері анықталып, кемшіліктерді жою үшін 6 нұсқама берілді.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде іс қозғалып, жеке және заңды тұлғаларға 666,3 млн теңге көлемінде 17 айыппұл салынды, оның 4,3 млн теңге құрайтын 14 әкімшілік айыппұл өндірілді, – деді Н.Садықов.

Сонымен қатар «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ жүзеге асырылған ғарыштық мониторинг нәтижесімен 74 рұқсатсыз қалдық орындары анықталып, облыс бойынша республикада алғашқылардың бірі болып, қысқа мерзімде қалдықтар орындары 100% жойылды.

Оған қоса департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау қызметі «Байқоңыр» кешеніндегі нысандарында қамтиды. «Байқоңыр» кешені бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау Ресей Федерациясының Үкіметімен «Байқоңыр» кешенінің аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы келісім құжаттарына, олардан туындайтын хаттамалар мен ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Осы ретте, кешендегі 9 нысанға жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған 5 заң бұзушылықты жою жөнінде ұйғарым берілді. Ондағы өзекті мәселелердің бірі Байқоңыр қаласы және Төретам кентімен Ақай ауылдық округінің  маңайындағы құрылыс қалдықтарын жою мәселесі Қазақстан-Ресей арасындағы Байқоңыр кешені жөніндегі 7 үкіметаралық комиссия отырысында қаралды. Нәтижесінде Байқоңыр қаласы әкімшілігімен 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 12 652,7 м3 қалдықтар жойылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік экологиялық бақылау және реттеу барысында Байқоңыр қаласының әкімшілігіне қарасты тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына экологиялық заңнама талаптарына сәйкес сұрыптау кешенін салу жөнінде шарт қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Есепте кезеңде «Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Таза ауа» іс-шарасы аясында 57 автокөлікке зертханалық бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған 18 автокөліктен ластағыш заттарының белгіленген нормативтерден асу деректеріне сәйкес автокөлік иелеріне полиция департаментімен ескертулер берілді, деді департамент басшысының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету барысында КРІ көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында эмиссиялар нормативтерін азайту жұмыстары жүргізілуде. 

Атап айтсақ, экологиялық сараптама нәтижесімен атмосфералық ауаға шығарылатын ластағыш заттарға берілетін норматив көлемі 2500 тоннаға, төгінділер 159 тоннаға азайтылып, жобалық құжаттамаларда 66 мың тонна қалдықты залалсыздандыру жұмыстары қарастырылды. Есепті кезеңде 2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда төгінділердің нормативтік көлемі 1220 тоннаға төмендеген, деді Н.Садықов.

Сондай-ақ өңірдегі экологиялық мәселелерін кешенді шешу және одан әрі жақсарту мақсатында облыс әкімдігі және министрлікпен «Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі» Жол картасы бекітілді. Жол картасы 7 бөлімнен, 52 тармақтан құралған. 2021-2022 жылдары және есепті кезеңде орындалуы тиіс 13 іс-шара толығымен орындалған, 39 іс-шара белгіленген мерзімінде орындалуда.

Осы жылдың 9 айында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық өкілдерінің, жергілікті тұрғындардың, сондай-ақ экобелсенділер мен волонтерлердің қатысуымен «Birge: Taza Qazaqstan», «World CleanUp Day», «Табиғатта қоқысқа жол жоқ»  және электр энергиясын үнемдеу мақсатында халықаралық «Жер сағаты» республикалық экологиялық акциялары өткізілді.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: