Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Түйіндеме жазу барысында жіберетін қателіктер

06.05.2022

1519 0

Арманыңыздағы қызметке нағыз лайықты маман болуыңыз мүмкін. Бірақ, егер HR-менеджер сіздің түйіндемеңізді оқудан бас тартса, арманыңыз сол күйі қалады. Сіздің түйіндемеңіз жұмыс берушіні неге қызықтыра алмады?

  1. Сіздің түйіндемеңіз вакантты орынға сәйкес келмейді:
    Түйіндемеңіз болашақ қызметіңізге сәйкес келуі тиіс. Егер «контент-менеджер» қызметінен үмітті болсаңыз, түйіндемеңізде жай ғана «менеджер» деп шектелмеңіз.  Одан бөлек, түйіндемеге нақты тәжірибені көрсеткеніңіз жөн. Яғни, бағдарламашы маманына түйіндеме жазсаңыз, онда жазғы уақытта жасаған қосымша жұмыстарыңызды көрсетудің қажеті шамалы. 
  2. Бұрыс шаблон қолданасыз:
    Жұмыс іздеушілер көбіне түйіндеме жасау барысында Word бағдарламасын қолданады. Word мәтіндер дайындау мен оларды өңдеуге арналған. Оның үстіне, жұмыс берушінің жұмыс үстелінде Word бағдарламасының өзге нұсқасы орнатылуы мүмкін.Бұндай жағдайда түйіндемеңіздегі әріптер жоғалып, қатарлар ауысуы мүмкін. Түйіндеме дайындау барысында онлайн‑шаблондарды қолданыңыз. Бірден екі тілде (ең дұрысы, үш тілде) жасаңыз. Дайын резюмені PDF форматында сақтаңыз. 
  1. Түйіндемеңізде сурет жоқ немесе сапасыз:
    Түйіндемеге сурет қоймау – бұрыс идея. Сонымен қатар, тым ресми сурет те сенімсіздік тудырады. Әр вакантты орынға суретті сәйкесінше таңдаңыз. Суреттің міндетті түрде сапалы болуын ескеріңіз. 
  2. Ақылға қонымсыз электронды пошта:
    Жұмысқа арнап бөлек электронды пошта дайындаңыз. Оны есіміңіз бен тегіңіздің негізінде жасағаныңыз жөн. Мысалы, miras.ersultan@pochta.com никнеймі, hotboy91@pochta.com дегенге қарағанда салмақты көрінеді. 
  3. Ресми ілеспе хат жазуға еріндіңіз:
    Ресми хат сіздің түйіндемеңізді бірінші қарауға мүмкіндік береді. Ілеспе хат қысқа әрі нақты болуы керек. Ол сізді вакантты орын несімен қызықтырды және неге өзіңізді лайықты санайсыз деген сұраққа жауап беруі тиіс.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: