Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасарлары Дархан Тұрсынбаев, Арнұр Нұрмағанбетов, қалалық полиция басқармасы және жауапты саланың жетекшілері түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастыруда.
Аралауда қоғамдық және ойын-сауық орындары мен көше бойы бақылауға алынып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру деректері, қоғамдық тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері назарда ұсталды.
Сондай-ақ, мектеп бітіруші түлектерге байланысты рұқсат етілмеген мерекелік жиындардың, түнгі серуендердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық, түсіндіру жұмыстары жасалуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
