Жұма, 17 мамыр, 08:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үйге алып кран соғылды

07.09.2023

363 0

Алматыда тұрғын үйге алып кран соғылды. Бұл туралы  КТК телеранасы хабарлайды.

Құрылыс алаңындағы техника Exclusive Star тұрғын үй кешеніндегі үйдің бұрышын бұзып, қасбетін қиратып жіберген. Сол сәтте үйдің ішінде адамдар болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Зәресі ұшқан тұрғындар осы оқиғадан кейін өре түрегелді. Олар үйінен 4-5 адым жерде жүріп жатқан өзге баспананың құрылысын түбегейлі тоқтатуын талап етіп отыр.

Оқиға күні кеше болған. Exclusive Star тұрғын үй кешеніне тақалып жүріп жатқан құрылыс алаңындағы алып құрылғының жүргізушісі басқара алмай қалды ма, ұйықтап кетті ме, белгісіз, әйтеуір ұшымен баспананың бұрышын бұзып өткен.

“Көктен бір бомбы түскендей болды. Зәрем кетті. Не істерімді білмедім. Баланы мектепке апаратынмын, қорқып, апармай қойдым. Кішкене жұрттың жағдайына қарасын. Келіп көрсін, үйлерді. Кранмен істеген кісіден сұрау керек, тападай тл түсте неге солай істеген”, – дейді тұрғын Кенжеқыз Қабышева.

Компаниядағылар кранға қатысты өз кінәсін мойындап отыр. Жүргізуші тиісті айыппұл арқалапты.

“Кран компаниясы жауапқа тартылды. Оның механик жүргізушісі жауапқа тартылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінен бізге айыппұл келді. Біздің тараптан бүкіл жұмысты өзіміздің шоттан жасаймыз. Жақын арада бітіруге тырысамыз. Бүгін жұмыс басталды”,  -деді құрылыс компаниясының жоба жетекшісі Әміржан Ақпан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: