Бейсенбі, 23 сәуiр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай мерекелік шара өтті

23.04.2026

71 0

Фото: Қазалы ауданы


Биылдан бастап елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Кітапханашылар күнін атап өту тәртібіне өзгеріс енгізіліп, 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні болып белгіленді.

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай мерекелік шара өтті


Бүгін Қазалы ауданында атаулы мерекеге орай «Кітап – көңілдің кілті, ойдың шырағы» атты мерекелік кеш, «Кітап фест – 2026» фестивалі өтті. «Руханият» орталығының алдында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов құттықтау сөз сөйлеп, Президентіміздің, аймақ басшысының қолдауымен өңірдегі руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай мерекелік шара өтті


-Бүгінде қасиетті Сыр өңірінде руханият саласының қарқынды дамуына үлкен көңіл бөлініп келеді. 2022 жылдан бері өңірде 22 мәдениет нысаны жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Барлық аудандарда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі біріктірілген «Руханият орталықтары» ашылды. Облыстың бас шаһарында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», «Оқушылар сарайы» бой көтерді. Былтыр Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Ассамблеяның 30 жылдығына орай «Достық үйінің» жаңа ғимараты салынды. Кеше ғана облыс орталығы – Қызылорда қаласында жаңа заманауи драма театрының іргетасы қаланып, өңір мәдениетінің дамуына тың серпін беретін үлкен жоба бастау алды. Бұл мәдени нысан алдағы уақытта өнер мен руханияттың жаңа орталығына айналып, шығармашылық ұжымдар мен көрермен қауымның басын қосатын маңызды орын болары сөзсіз. Қазан айында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келгенде аймақта атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Жуық арада Президентіміздің бастамасымен жүзеге асатын кітапхананың іргетасы облыс орталығында қаланбақ. Президентіміздің қолдауымен, аймақ басшысының бастамасымен алдағы уақытта да ұлт руханиятын көтеру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғаса бермек, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай мерекелік шара өтті
Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай мерекелік шара өтті


Мерекелік кеште Дәурен Оңғарбайұлы аудан кітапханаларында таусылмас қазынаның қорғаны болып, ел игілігі жолында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар кітапхана қызметкерлеріне аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың «Алғыс хаттарын» табыстады. Сондай-ақ шараға жиылған қонақтармен бірге «Рухани жаңғыру және кітап» атты оқырмандардың қолөнер көрмесін тамашалады.
Тағылымды шара әрі қарай «Әдебиет өмір айнасы» атты оқырмандардың ашық аспан астындағы оқулар кешіне жалғасты.
Айта кетейік, бүгін ауданда атаулы мереке орай кітаптар көрмесі, кітап әлеміндегі интеллектуалды ойындар және «Кітапхана- руханият ордасы» атты мерекелік кештер өткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: