Сейсенбі, 30 сәуiр, 20:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Ұлымнан айырылып қалам ба?»: Нұрлан Еспанов

18.07.2023

1024 0

 

Белгілі әнші Нұрлан Еспанов “Менің өмірім” бағдарламасында жалғыз ұлы Олжасты үйлендірмей қоюының себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

«Негізі, бір шетелдің қызын көрсетті маған. Шетелде тұратын қыз екен. «Сен үйдегі жалғыз тал ұлсың. Сен кетіп қалсаң, бізге кім қарайды? Үйде екі қарындасың бар. Оларды ұзату керек, үйлі-жайлы қылу керек. Сен кетіп қалсаң, біз не істейміз?», – дедім. Жалғыз ұлым ғой енді. Оның ұлты бөлек болды. Маған ұлты қызық емес. «Алматыда тұратын қыз болса, үйлене бер», – дегем. Бірақ ол шетел асып кеткен қыз екен. «Ұлымнан айырылып қалам ба? Сол жаққа кетіп қалмай ма?» – деген ой болды. Сөйтіп тоқтаттым. Сол кезде тоқтады да, әлі үйленбей жүр”, – дейді өнер иесі.

Әнші ұлымен түсінісе алмай жүргеніне өзін кінәлағандай болды.

“Қазір кітабы шықты. Соны оқып көруім керек пе?! Сонда ғана оның ойын, көңілін түсінетін шығармын. Қандай қыз керек дегендей… Бір күні “үйленсеңші” десем “қыз жоқ” дейді. Instagram парақшасында 80 мың қыз бар. Қарасам бір күні тікелей эфирде отыр. Қыздармен сұхбаттасып жатыр екен. Мен кіріп қалып едім бәрі тоқтап қалды. Ұлым: “Папа, шықсаңызшы” деді. Мен балама “былай жаса, мынау дұрыс, мынау дұрыс емес” деп айтқан емеспін. Олжасты менің ортам тәрбиеледі. Мен ұлымды күнделікті көрмеймін де. Бәрі баламның тәрбиелі, жақсы, адамгершілігі мол деп мақтайды. Қазіргі таңда Сүлеймен Демирел атындағы университетте жұмыс істейді. Бірақ мінезі шешесіне тартып кеткен. Оның шешесі үндемейді. Өзің сұрақ қойып, өзің жауап бересің”, – дейді Нұрлан Еспанов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: