Сенбі, 27 сәуiр, 12:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған 16 жастағы қыздан алданғандардың әрқайсысына 100 мың теңге беруді талап етті

26.11.2023

982 0

Сурет: Фотоскрин

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған адамды тауып, Шардарада кездесті. Блогер бұл істі жасаған 16 жастағы қызбен және оның ата-анасымен жолықты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алдаған қыз 9 адамнан 5 мың теңге алған.

«Бес мың теңгесін алдап алған адамдарға 100 мың теңгеден қайтарасың. Сотта соны талап етемін. Алданған адамдар мені қарғап отыр. Сол маған жақсы ма? Қай бетіңмен алып отырсың? Олар да сенің әке-шешең сияқты кісілер ғой. Мен іздеп келмегенде қайтармай жібере беруші едің», – деді ол.

Блогер сотта ақша алған адамдарға 100 мың теңгеден қайтаруды сұрайтынын айтты.

«Сол 9 адамға 100 мың теңгеден қайтар. Қазір мен бұл қызды кешірсем, тағы бір арамтамақ шығады», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: