Жұма, 29 мамыр, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Жаңақорғанда «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

29.05.2026

33 0

Фото: «AMANAT» партиясы

Бүгін Жаңақорған ауданында «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысты.

Жалпы кеңес отырысының күн тәртібіне екі негізгі мәселе қойылған. Олар Жаңақорған ауданындағы тарихи-мәдени нысандардың жай-күйі және ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқылау.

Жаңақорғанда «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес мүшелері аудан аумағындағы бірқатар тарихи-мәдени нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Алдымен делегация Сунақата ауылдық округінде орналасқан ортағасырлық Сығанақ қалашығына барды. Мұнда көне шаһардың сақталу жай-күйі, жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстары және тарихи нысанды қорғау бағытындағы шаралар қарастырылды. Сондай-ақ Сығанақ қалашығының туристік әлеуетін арттыру мәселелері көтерілді.

Одан кейін кеңес мүшелері Төменарық станциясының солтүстік-батысында орналасқан XI ғасыр ескерткіші – Көккесене сағанасына барып, тарихи-мәдени мұра нысанының қазіргі жағдайымен танысты. Жиын барысында тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау және кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Жаңақорған ауданында мемлекеттік тізімге енгізілген 48 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 6-уы республикалық маңызы бар нысандар қатарына жатады.

Іссапар қорытындысы бойынша аймақтық кеңес отырысы Жаңақорған аудандық Руханият орталығында жалғасты. Жиында тарихи-мәдени мұраны сақтау, рухани құндылықтарды дәріптеу, тарихи орындардың инфрақұрылымын жетілдіру және мәдени туризмді дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

Бұл бағытта аудандық білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары аудан көлемінде тарихи-мәдени мұраны сақтау және жастар тәрбиесі бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ұрпақ тәрбиесіне қатысты жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, суицид, зорлық-зомбылық және ерте жүктілік мәселелері қозғалды.

Кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев тәрбие мәселесі тек білім беру ұйымдарының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
«Тарихи-мәдени мұраны сақтау – ұлттың рухани өзегін сақтап, оны келер ұрпаққа аман жеткізу «AMANAT» партиясының маңызды міндеттерінің бірі. Қасиетті орындар мен тарихи ескерткіштер – халқымыздың өткені мен болашағын жалғайтын рухани көпір. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса беруі қажет, – деді Жандос Базартай.

Жиын қорытындысында тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық тәрбиені күшейту бағытында көтерілген ұсыныстар кеңес хаттамасына енгізіліп, тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар жалғасатын болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: