Дүйсенбі, 06 мамыр, 06:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды

16.03.2024

554 0

Сурет: el.kz

Маңғыстауда жеңіл және жүк көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Оқиға бүгін 16 наурызда «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 733 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, апат кезінде ауа райы ашық, жол жамылғысы құрғақ және таза болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуін Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұжымы қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыра көңіл айтады. Барлық автокөлік жүргізушілерден аса мұқият болуды және жол ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз, – делінген компания мәліметінде. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: