Бейсенбі, 10 қазан, 04:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

«Қазақшаңыз қалай?» байқауы өтті

11.07.2022

687 0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде «Қазақшаңыз қалай?» байқауы өтті. «Мың бала» республикалық мәдени ағартушылық жобасы аясындағы шараға татар, славян, түрік, корей этностарының өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты – этнос өкілдерінің қазақ тілінде ойлау қабылетін, сөйлеу мәнері мен жан-жақтылығын анықтау.

Байқау барысында қатысушылар «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңінде мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді тауып, «Жұмбақ суреттер» кезеңінде суретте бейнеленген зиялы қауым өкілдерін атады. Үшінші кезең «Сиқырлы ұяшықтарды» таңдап, бейнесұрақтарға жауап беріп, «Көңілді старт» кезеңінде флипчартқа 30 секундта берілген тақырып бойынша сөздер жазды.  Ал бесінші «Суреттер сөйлейді»  кезеңі.

Озық ойлы қатысушылар бәсеке барысында біліктілігін байқатты. Нәтижесінде бірінші жүлделі орынды татар, екінші орынды түрік, үшінші орынды корей этносының өкілдері иеленді. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: