Сенбі, 27 сәуiр, 06:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Департаментте «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары» туралы кездесу өтті

19.04.2022

640 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департментінде  Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандарымен кездесу өтті. Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен өткізілген жиынға  мекеме бастығының орынбасарлары, мекеменің медицина қызметкерлері және Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігерлері қатысты.

Жиында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиологиялық  бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаева баяндама жасады.  Ол өз баяндамасында республикада, облыста және пенитенциарлық мекемелердегі ЖИТС-тің індеттік ахуалын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарынынң орындалуы және облыстағы ҚАЖ мекемелеріндегі арнайы контигент арасында ЖИТС-тің алдын алуда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиын соңында әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров  медицина қызметкерлерінің мамандарына сотталғандар арасында АИТВ инфекциясы жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру, салауатты өмір салтына бағыттау  бойынша нақты тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: