Бейсенбі, 02 мамыр, 05:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жартылай жалаңаш еркек жас қыздың соңына түскен

25.07.2023

583 0

Жартылай жалаңаш еркек бір сағат бойы жас қыздың соңынан ерген. Оқиға Талғар қаласының көшелерінің бірінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бойжеткен Сәтбаев көшесінде жартылай жалаңаш еркектің соңынан түскенін байқаған. Алайда оны байқамаған сыңай білдірген. Нәтижесінде қыз үйіне жеткенше ер адам соңынан еріп отырған.

Кадрлардан ер адамның оны видеоға түсіріп жатқанына да мән бермегенін көруге болады.  

Қыздың айтуы бойынша, ол есірткінің әсерімен жүрген немесе қандай да бір ауруға шалдыққан.

Қазір қыздың жағдайы қалыпты. Оған психологиялық көмек қажет емес. 

Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша өтініш түскенін хабарлады.

«Ұсталды, қамалды», – деді Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: