Жұма, 11 қазан, 04:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірім ауруханаға тапаншамен баса-көктеп кірген

24.10.2023

593 0

23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 17 жастағы үш жасөспірім кірген.

Медициналық ұйымның бас дәрігері Нұрлан Аймановтың айтуынша, жасөспірімдер ішке негізгі есік арқылы рұқсатсыз кірген. Олар медицина қызметкерлері мен күзетшілердің ескертуін елемеген. Боғауыз сөздер айтып, «шабуылды» жалғастырған.

«Аурухананың екінші қабатында сынықпен түскен құрбысына, 15 жастағы науқасты көру үшін көтерілген-міс. Жасөспірім оны дәлізге сүйреп шығар. Кушеткаға отырғызып, басынан ұра бастады. Дәрігерлер мен медбикелер ескерту жасай бастаған, оған А. есімді азамат 17 жастағы жасөспірім қыздың балдағын тартып алып, невропатологтың ішінен ұрған. Содан кейін тапаншаны қалтасынан шығарып, әдепсіз сөздер айтып, қорқыта бастаған», – дейді Нұрлан Айманов.

Осыдан кейін жасөспірім бірінші қабатқа түсіп кеткен. Қашып бара жатып есіктің әйнегін сындырып, қолын жарақаттаған, артынша екінші есікті де сындырған. Сосын ол қарумен қорқытып, қашып кеткен. Бұл факті бойынша полицияға хабар берілген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

17 жастағы А.-ның облыстық балалар ауруханасында мұндай жанжалды төрт рет ұйымдастырғаны белгілі болды. Алайда науқастарды тапаншамен қорқытып, ұрып-соғу бірінші рет болып отыр екен.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: