Бейсенбі, 21 қараша, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жастарды жұмыспен қамту – маңызды іс

23.07.2022

948 0

Жастарды тұрақты жұмыспен қамту – қаламызда жүзеге асып жатқан маңызды міндеттің бірі. Мемлекет осы бағытты назарға алып, тиісті бағдарламалар ұсынды. Соның нәтижесін жұмыссыз жастар көруде. Бұл туралы баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева кеңінен айтып өтті.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 2327 адам қоғамдық жұмысқа орналасқан. Олардың жалақы көлемі – 20 АЕК, яғни 61 260 теңге төленеді.

– Қаламыздағы әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 2022 жылы 55 мекемемен келісімшарт  жасалып, 159 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген жандардың жалақысы 61 260 теңгеден аспайды. Жастар тәжірибесі арқылы 462 адамға жолдама берілді. Айлық табыстары 91 890 теңгеге дейін көтерілді. «Алғашқы жұмыс орны» жоба аясында  13 адам ғана жұмыспен қамтылып тұр. «Күміс жас» жобасы бойынша да 12 азамат жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта межелеген жоспардың толығымен орындалуы – басты мақсат, – деді бөлім басшысы.

Сондай-ақ брифингте қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов кәсіп­керлік белсенділікті арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Биыл «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемле­кеттік гранттар беру» бағыты бойынша барлығы 814 адамға қаражат бөлінген. Бүгінгі уақытта көпшілік мемлекеттік грантты күтіп жүргені белгілі. Мемлекет беріп тұрған мүмкіндікті пайдаланып, кәсіп бастап, еңбек етемін деген ниеттілер көп. Дегенмен қаржының берілуі тамыз айында іске асуы мүмкін.

– Қазіргі таңда «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәр­демдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қар­жыландыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің осы жылдың 7 ақпанындағы №47 бұйрығына өзгерістер енгізілу үстінде. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, яғни құқықтық акті заңды күшіне енгізілгеннен кейін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта қала бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстары арқылы «Пішуші» және «Электро-монтаждаушы» мамандықтары бойынша барлығы 45 адам оқытылуда. Ал электрондық еңбек биржасындағы «enbek Skills» платформасында 1100 азамат онлайн оқытылды. Оның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген 549 азамат түрлі бағыттағы курстан өткен, – деді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: