Жұма, 17 сәуiр, 11:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Жеңілдетілген декларацияны автоматты түрде алдын ала толтыру енгізіледі

17.04.2026

52 0

Фото: Gov.kz

Елімізде 910 нысандағы жеңілдетілген салық декларациясын алдын ала толтыру сервисін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қашықтан мониторинг басқармасының бөлім басшысы Бектас Әділғалиев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, 910 нысанды алдын ала толтыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл — салық есептілігінің жеңілдетілген түрі, — деді ол салықтық әкімшілендіру тақырыбындағы конференция барысында.

Сондай-ақ бөлім басшысы дәл осындай сервис ҚҚС бойынша декларацияға (300 нысан) енгізілгенін еске салды.

— Биыл шекті мөлшер төмендетілді, соның нәтижесінде ҚҚС төлеушілер саны айтарлықтай артады. Осыған байланысты біз 300 нысан бойынша алдын ала толтыруды енгіздік, — деп атап өтті Бектас Әділғалиев.

Ведомствоның мәліметінше, 910 және 300 нысандар салық есептілігінің ең көп қолданылатын түрлерінің қатарына жатады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: