Бейсенбі, 29 ақпан, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

«Жүйкесі сыр беріп жүрген шығар». Зайытов Бекболат Тілеуханға жауап берді

01.12.2023

594 0

Сурет: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Adal Adam подкастында экс-мәжілісмен Бекболат Тілеуханның популист деп айтқан пікіріне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы мен Бекболат Тілеухан туралы әңгіме айтудан қашамын. Себебі ол әңгімені әрі қарай әкете береді. Бір сұрақ қойсаң, бәлеге қаласың. Мен ол кісімен әлеуметтік желіде айғайласып жүруден нәтиже шығады деп ойламаймын. Популист деп айтқанына жауап бере кетейін. Миллиондаған халықтың көкейіндегі сұрақты Үкіметке жеткізгенімде қандай популизм бар екенін түсінбеймін. Онда «Қазақстан жақсы өмір сүрсін» деген барлық адам популист болғаны ғой. Популизм – адамның танымалдылығын арттыру үшін жасайтын әрекет. Маған ол не үшін қажет? Көшеде жүргенде «танып қалмаса» екен деп жүресің. Айлық 300 мың теңге болмайды дегенімен келіспеймін. Жыл сайын әр салада 25%-50%-ға өсіретін 5 жылдық жоспар бар. 150 мыңдық айлық 300 мың теңге болады. 85 мың теңге туралы сұрақты қоймаған екі адам қалды. Оларға да қоямын. Жауап бере алмай жүр. Үкімет аяғына дейін есептей алмаса, қайта қарасын, есептесін, – деп айтты Ринат Зайытов.

Депутат егер өзі «айлық 300 мың теңге болады, болғызамын» десе, популистік болатынын айтты. Ал ол тек 85 мың теңге өмір сүруге жетпейтінін дәлелдеген.

Ринат Зайытов Бекболат Тілеухан популист деп айтқан екі әріптесі де ел мүддесіне жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ол кісінің осыларды жамандау керек деген ұстанымы бар сияқты. Мен жүрген жерімде керемет әнші екенін айтып жүремін. Осындай түсініксіз әрекеттер жасайды. Адам ретінде көңілің қалады. Ішіңнен осы кісіге не істеп қойдым деп ойлайсың. Ол кісі жайлы көп айтқым келмейді. Ол кісі шетелде жүргеннен кейін күмәнім бар. Жүйкесі сыр бере бастады ма екен. Осындай агрессивті сөйлей бастады. Көшенің «жаргондарын» көп пайдаланатын болыпты. Сондықтан ол кісінің жүйесі сыр беріп жүрген шығар, – дейді Зайытов.

Осыған дейін экс-депутат, қоғам қайраткері, бүгінде Түркияда тұрақтап жүрген әнші Бекболат Тілеухан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Парламент мәжілісінің депутаттарын популист деген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: