Жұма, 19 сәуiр, 14:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Демалысқа кеткен қызметкердің міндетін қосымша атқарса ақы төлене ме?

07.02.2024

502 0

Фото: Stan.kz

Жұмыс беруші демалысқа шыққан адамның міндетін екінші қызметкерге қосымша ақы төлемей жүктеуге құқылы ма? Сұраққа Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес, өзінің еңбек шартында көрсетілген негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмайтын жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төленеді.

Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:

  • міндеттерді қоса атқару;
  • қызмет көрсету аймағын кеңейту;
  • уақытша болмаған қызметкердің міндетін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау (алмастыру) дегеніміз қызметкердің өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа да және сол лауазым бойынша қосымша міндетті орындауы деп түсіндіріледі.

«Егер уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру оның лауазымдық міндетіне кірсе, қызметкерге қосымша ақы төленбейді», – деп атап өтті еңбек министрлігі өкілдері. 

Уақытша болмаған қызметкердің жұмысы алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндетіне кірмесе, оған қосымша ақы төленетіні нақтыланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: