Сәрсенбі, 13 қараша, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Жыл басынан бері 73 мыңнан аса аз қамтылған отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

29.12.2021

823 0

Биыл өңірде 29 777 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 15 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны. Жыл басынан бері 73227 аз қамтылған отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.

– Халықты тұрақты жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биыл аталған бағдарламаға 34 мың адам тіркелді. Оның басым көпшілігі жұмыссыздар. Ал «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 3079 адам кәсіпкерлік негіздегі курстардан өтіп, екі мыңға жуық азаматқа грант берілді. Қалалар мен ауылдарда жеке кәсіп ашқысы келетін 806 тұрғынға шағын несие берілген болатын. Нәтижесінде жаңа 722 жұмыс орны құрылды. Жалпы облыста 30 844 мүгедектігі бар адам болса, биыл оның 87,3 пайызы оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етілді, – деді деді Мейрамбек Абдукаримов.

Тағы бір айта кетерлігі, қалада мүгедектігі бар және осал топтағы азаматтарға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсететін «Тең қоғам» орталығы ашылған болатын. Алдағы уақытта ардагерлердің өмір сүру сапасы мен денсаулығын нығайту мақсатында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын ашу жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: