Бейсенбі, 18 маусым, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

1 млрд теңгеге сатылып кеткен Ұлттық ұланның жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

18.06.2026

41 0

Фото: pexels

Қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің жекеменшік құрылымдардың пайдасына заңсыз берілгені, кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы бұл жер теліміне қатысты заңсыздықтың 1999 жылдан бері жүзеге асып келе жатқанын тіркеді.

«Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді», – деп хабарлайды Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі

Көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: