Сенбі, 04 мамыр, 03:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

20 жыл отасқан күйеуі қызын 11 жасынан бастап зорлап келген

20.07.2023

221 0

Алматылық әйелдің 20 жыл отасқан күйеуі қызын 11 жасынан бастап зорлап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйел жолдасынан мұндай әрекетті күтпегенін, бұл жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанғанын айтуда. Бұған дейін күдікті әйелдің екі баласын ұрып-соғып келген. 

Қазіргі таңда әйел, қызымды зорлаған туған әкесі жауаптан құтылып кете ме деп қорқып отыр. Себебі, осыған дейін ашылған істі тергеушілер тоқтатып тастаған. 

Карантин кезінде өзі жұмыс істеуге кеткен әйел күйеуінің 9 ай бойы үйінде қыздарымен қалғанын айтады. Әуел баста әке мен қыздың арасындағы ұрыс-керістің не себепті шыққанын түсінбегендіктен мән бермеген. Кейін шыдамаған қыз білім ордасындағы ұстазы мен психологқа бар шындықты айтқан.

Бірінші күйеуінен ажырасқан әйел, екінші күйеуімен 20 жылға жуық бір шаңырақ астында тұрып екі қыз бір ұл тәрбиелеген. Ал үлкен қызына да туған әкесінің қолы тиген деп отыр. Бірақ осыған дейін жазылған арызды тәртіп сақшылары дәлелсіз деп тауып, маусым айының соңында тоқтатқанын жеткізді. Ал күдіктінің қорғаушысы әзірге нақты ештеңе айтпады.
«Оны дәлелдейтін тергеу органдары дәлелдеуі керек. Ал бірақ қолдағы бар материалдар, экспертиза бойынша ешқандай дәлелді тапқан жоқ. Прокурор 10 күнде сол қаулыны тергеушінің заңды, заңды емес екенін тексеріп істі, одан кейін не соны құптау керек не қайтадан қайтаруы керек. 

Ал бала құқығын бірнеше жылдан бері қорғап жүрген заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызы заңды күшейтіп, тіпті ату жазасын да енгізуді қолдайтынын жеткізді. Бейкүнә балалардың өмірін күл-талқан еткендердің арасында ортаға бейімделе алмай өзге балаларға қорлық көрсететіндердің көп екенін айтады. Бұдан бөлек құқық қорғау органдарының педофильдерді бостандыққа шыққаннан кейін бақылауда ұстамауы да бірден-бір фактор», – деді күдіктінің қорғаушысы Ерлан Ахмадиев. 

Ал заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызы педофилдерді ату жазасына кесу керек деп есептейтінін жеткізді. 

«Оларға ату жазасы берілу керек деп ойлаймын. Себебі, ол бірінші әрекетінен ешқандай сабақ алған жоқ. Ешқандай қоғамға бейімделген жоқ. Бұл мәселе ауқымды түрде айтылуы керек. Педофилдер бостандыққа шығып жатыр. Оларды бақылап отырған бізде бірден бір құқық қорғау органы жоқ», – деді заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызы.

Ал Алматы қаласының полиция департаменті Алатау аудандық полиция басқармасы істі екі бірдей бап бойынша тіркегенін айтады. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4 бөлігі, яғни бірнеше рет зорлау фактісі бойынша және 124-бабтың 2 бөлігі, ата-анасы азғындық жолға түсіру бойынша тергеу жүріп жатыр дейді.

Ал екі балапанының қорланғанын білген ана енді істің әділ өтуін сұрап отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: