Сенбі, 20 сәуiр, 19:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жастар есірткіге қарсы

11.04.2022

404 0

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жас спортшылар арасында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен футзалдан облыстық спартакиада өткізілді. Шараның мақсаты: салауатты өмір салтына баулу және кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.
Бұл жарыстың барлық кезеңдері қызу күресте өтті. Қатысушылардың барлығы аса назар аударып, жігерлік білдірді. Спорттық ынта мен жеңіске деген ұмтылыс бәсекелестерді соншалықты баурап алғандықтан, олар айналасында не болып жатқанын байқамады. Барлығы қарсыластарына өз дағдыларын көрсетуге тырысты.
Финалдық жарысқа алты команда қатысты. Фортуна келесі жеңімпаз командаларға күлімсіреді: Жаңақорған ауданы – 1 орын, Қызылорда қаласы – 2 орын, Сырдария ауданы-3 орын. Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жеңімпаз командалардың барлық мүшелеріне спорттық футбол формасы мен дипломдарын табыс етті.
Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының ардагерлері «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жаттықтырушы», «Белсенді қатысқаны үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар дайындап, табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: